Provisioning профилін құрылғыдан жою

Ұялы құрылғыдан provisioning профилін жою үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында, iOS MDM құрылғыларын iOS MDM басқару протоколы бойынша сүзгілеңіз.
  3. Provisioning профилі жойылатын пайдаланушының ұялы құрылғысын таңдаңыз.

    Бірнеше ұялы құрылғыны таңдап, олардан provisioning профилін бір уақытта жоя аласыз.

  4. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  5. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Provisioning профилін жою бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Сондай-ақ, құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер, содан соң Provisioning профилін жою тармағын таңдау арқылы пәрменді ұялы құрылғыға жібере аласыз.

    Нәтижесінде, профильдер тізімі бар Рrovisioning профильдерін жою терезесі ашылады.

  6. Тізімнен ұялы құрылғыдан жою қажет provisioning профилін таңдаңыз. Бірнеше provisioning профилін таңдап, ұялы құрылғыдан бір уақытта жоя аласыз. Provisioning профильдері ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген provisioning профильдерін бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.
  7. Пәрменді ұялы құрылғыға жіберу үшін OK түймесін басыңыз.

    Пәрменді орындау нәтижесінде таңдалған provisioning профилі пайдаланушының ұялы құрылғысынан жойылады. Жойылған provisioning профилімен байланысты қолданбалар жұмыс істемейді. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрменнің ағымдағы күйі Аяқталды мәніне ие болады.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.

    Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер және осы пәрмендерді орындау күйлері көрсетіледі. Жаңарту түймесі арқылы пәрмендер тізімін жаңарта аласыз.

  8. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу